Түркістанда алғаш дауыс берген студентке сыйлық берілді (видео)

Ел болашағы үшін маңызды саналатын саяси науқанға түркістандықтар да белсенді қатысып жатыр.

Таңмен таласа тұрып, референдум учаскесіне дауыс беруге барып жатқандар қарасы қалың. Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университетінде орналасқан №133 дауыс беру учаскесі қаладағы ең көп учаске саналады. Онда 2 мың 661 дауыс беруші тіркелген. Дауыс берушілердің арасында ардагерлер мен зейнеткерлерден бөлек, кәмелеттік жасқа толып, саяси науқанға алғаш рет қатысып отырған жастар да бар. Солардың бірі – бірінші курс студенті Несібелі Сегізбай. Бірінші рет дауыс беріп отырғандықтан ұйымдастырушылар оған «қадамың құтты болсын және өміріңдегі маңызды сәт ерекше естеліктермен есте қалсын» деген ниетпен сый-сияпат жасады.

Несібелі Сегізбай, алғаш рет дауыс беруші:
— Ең бірінші дауыс беруім, сол үшін таңертеңмен ерте келгенмін. Бірақ бұндай қошеметке ие боламын деп ешқашан ойламадым. Бірінші рет сыйлық алып тұрмын, өте қуаныштымын. Барша қазақстандықтарды дауыс беруге шақырамын. Еліміздің болашағы үшін дауыс берейік!

© «24kz» телеарнасы

x

Check Also

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласында “Бірлік” мөлтек ауданының арыз-шағымдары тыңдалды!

Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті. Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар ...