Түркістан: Шардаралық жас отбасылар өз таңдауларын жасады

Шардара қаласында орналасқан №863 дауыс беру учаскесінде жас жұбайлар арнайы келіп өз таңдауларын жасады.

Айта кетсек, Шардара ауданы бойынша 33 дауыс беру учаскесі құрылған. Онда 43 675 дауыс беруші тіркелген. Ерекше жағдайды қажет ететін мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасау мақсатында аудандағы барлық дауыс беру учаскелері бірінші қабатқа орналастырылып, толығымен пандустар қойылған.

Жалпы Түркістан облысында таңғы 07:00-ден бастап 17 аудан-қала бойынша 945 учаске өз жұмысын бастады. Бүгінгі таңда өңірде дауыс беру құқығына ие 1 млн 180 мыңнан астам азамат бар.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысында «Al-Farabi» интеллектуалды ойынына 200 команда қатысып, үздіктері анықталды

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыс көлемінде өткізілген «AL-FARABI» интеллектуалды ойынының финалдық кезеңі өз мәресіне ...

Түркістанда «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтті

Түркістан облысында 8 сәуірден бастау алған «Қоныс аудару» жәрмеңкесі бүгін облыс орталығында қорытындыланды. Еліміздің 7 облысынан атап айтқанда Абай, Қарағанды, ...