Түркістан: Саурандық жастар мұқтаж отбасыға баспана сыйлады

Сауран ауданындағы Қарашық ауылдық округіне қарасты Құмтүйін елді мекені жастарының бастамасымен баспана тұрғызылып, ауылдағы мүгедектігі бар Бектұрғановтар отбасына берілді.

Бұл қайырымдылық іске ауылдың белсенді жастары мен кәсіпкерлері атсалысқан. Айтулы шараға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов, аудандық мәслихат депутаты Сәбит Рысбеков, Қарашық ауылдық округінің әкімі Сәкен Оразбаев, ауыл ақсақалы Ырысбай Айтуғанов және аймақ тұрғындары қатысты. Аудан басшысы мұқтаж жандарға баспана салып, тарту еткен азаматтарға алғыс хат табыстады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...