Түркістан: Референдумда Ордабасылық 90 жастағы қария дауыс берді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Референдумда Ордабасылық 90 жастағы қария дауыс берді

Ордабасы ауданында саяси науқанды өткізу мақсатында 53 дауыс беру учаскесі құрылған. Олардың барлығында дауыс берушілерге толық жағдай жасалған. Ордабасы ауданы, Шұбар ауылдық округінің тұрғыны 90 жастан асқан қария Өмірәлі Өтегенұлы №477 дауыс беру учаскесінде өз таңдауын жасап, ел жастарына батасын берді.

«Елімізде болып жатқан маңызды саяси науқанға бей-жай қарамай, өз таңдауымды жасадым. Себебі, әр азаматтың дауысы маңызды. Жаңа Қазақстанды құру – баршамызға ортақ міндет. Бүгінгі айтулы шара — ел болашағына әсер ететін маңызды шешім. Менің жасым 90-да болса да ешқашан саяси оқиғалардан тыс қалған емеспін. Дауыс беруге әр азаматтың баруы міндетті деп есептеймін», — дейді қария.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...