Түркістан облысында мемлекеттік сатып алу саласында 3,2 млрд теңге үнемделді

Түркістан облысында еріктілермен бірге мемлекеттік сатып алу порталында бағаны бақылау бойынша мониторинг жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді. Нәтижесінде 2024 жылдың 9 айында 3,2 млрд теңге көлемінде бюджет қаражаты үнемделді. Бұл жайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Мұрат Төлеубаев брифингте мәлімдеді.

Сондай-ақ, спикер ауылшаруашылығы саласында жүргізілген кешенді жұмыстарға тоқталды. Мәселен, субсидиясын ала алмаған 44 шаруаның құқығы қалпына келтіріліп, оларға 65,9 млн теңге субсидия берілген. Сонымен қатар, «Бизнеске жол» жобасы аясында 12 мәселенің шешімі табылып, 26 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалған.

«Білім беру саласында еңбекақы төлеу қоры бойынша жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында аудан-қалалық білім бөлімдері «Әкімшілік-шаруашылық қызметті есепке алу мен жоспарлаудың бұлтты ақпараттық жүйесі» сервисі жүзеге асырылуда. Бұл жүйе — ақша қаражатын заңсыз есептеу фактілерін жоюға ықпал етеді. Ал, жер қатынастары саласында сыртқы талдау нәтижесімен аудан әкімдіктерінің суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарын жеке тұлғалардан мемлекет үшін негізсіз алып қою практикасы тоқтатылды. Сондай-ақ, департамент ұсынысымен әлеуметтік маңызы бар нысандарды салу мен автожолдарды күрделі жөндеу кезінде ең кемі 7 жыл, автожолдарды орташа жөндеу кезінде 5 жыл кепілдік мерзімдері белгіленді», — деді департамент басшысы.

Облыста жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында мақсатты топтар арасында 387 мың адамды қамтыған 979 түрлі шара өтті. Бұл жұмыстарға әдеп жөніндегі уәкілдер, дін өкілдері мен департамент еріктілері және қоғам белсенділері тартылуда.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...