Түркістан облысы: Саурандық егіздер референдумда дауыс берді

Саурандықтар референдумда белсенділік танытуда. Жас пен жасамыс та өз таңдауларын жасап жатыр.

Жібек Жолы ауылдық округінің егіз тұрғындары ағайынды Нұрбол мен Ербол Тәжібаевтар жұбайларымен бірге №86 учаскеде өз дауыстарын берді. 1982 жылы туған егіздер елеулі оқиғаларға үнемі атсалысып келеді. Олар бұған дейін де өткен барлық науқандарға жүйелі түрде қатысып жүргендерін айтып, өзге тұрғындарды да белсенді болуға шақырды.

Айта кетейік, бүгінде Сауран ауданы бойынша 41 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Аталған орындарда қауіпсіздік шаралары санитарлық нормаларға сай ұйымдастырылған. Тұрғындардың қатысу белсенділігі де жоғары деңгейде. Референдумға қатысып, таңдау жасау кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...