Түркістан облысы: Дауыс беру учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық жағдай жасалған

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың референдумда дауыс беруі үшін учаскелерде барлық мүмкіндік қарастырылған.

Атап айтқанда, арнайы пандустар, сары жолақтар, жәшіктер орнатылған. Бүгін Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылындағы №23 дауыс беру учаскесінде 18 жастағы ерекше жан Төлен Бибігүл өз таңдауын жасады.

Айта кетейік, бүгін Арыс қаласындағы 1 аумақтық және 34 дауыс беру учаскелерінде 44 072 азамат өз таңдауын жасайды. Сонымен қатар, дауыс беру учаскелерінде қауіпсіздік шаралары санитарлық талаптарға сай ұйымдастырылған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...