Түркістан облыстық «Фараб» кітапханасы республика бойынша екінші жыл қатарынан үздік атанды

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырған «Kitap Time» жалпы республикалық кітап фестивалі аясында іс-шараларды жоғары деңгейде өткізгені үшін екінші жыл қатарынан үздік деп танылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық кітапханасының қолдауымен жыл сайынғы «Қазақстандық кітапханалық одақ» заңды тұлғалар бірлестігінің Түркістан қаласындағы кезекті көшпелі жұмыс отырысының ашылуында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ғазиза Нұрғалиева кітапхана директоры Жанат Шардарбековаға арнайы табыстады. Былтыр Ақтау қаласында өткен республикалық жиында да үздік атанған болатын.

Айта кетейік, аталған кітапхана ұжымы тынымсыз еңбектерінің нәтижесінде бірнеше жыл қатарынан елімізде көш бастап келеді. Кітапхана басшысы «Жыл кітапханашысы-2022», облыстық «Жыл үздігі-2022» номинациясында «Жылдың үздік мәдениет және өнер мекемесі» атанған болатын. Былтыр «Рухани қазына-2023» фестивалінің нәтижесінде Түркістан облысы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы «Үздік облыстық маңызы бар кітапхана» болып танылды.

x

Check Also

В Казахстане запускается пилотный проект единого ваучера на спорт, творчество и дополнительное образование

Ежегодно государство финансирует посещение детьми творческих кружков, спортивных секций и программ дополнительного образования. Однако, в ходе проверок были выявлены серьёзные ...

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...