Түркістан: Мамандар жылыту маусымы қарсаңында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды

2024 жыл басынан бері облыста газ баллондарының жарылуы бойынша 9 жағдай тіркеліп, салдарынан 14 адам жарақат алды.

Жазатайым оқиғалардың едәуір бөлігі газ баллондарын сақтау және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтамай, немқұрайлы қарауына байланысты орын алып отыр. Бұл туралы өткен брифингте облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Нұрболат Педен мәлімдеді.

«Жалпы айтқанда өрттің алдын алу мақсатында басқарма тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сәйкес, әлеуметтік жағдайы төмен 28 538 отбасы есепке алынды. Қазіргі таңда әлеуметтік жағдайы төмен осал топтағы азаматтардың үйлеріне 271 дана газосигнализаторлар орнатылды. Облыс тұрғындарына ескертетін жайт — жылыту маусымының алдында газ құбырларын тексеру қажет» — деді спикер.

Сондай-ақ, брифинг барасында ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Ерғали Мырзахметов аймақтағы газ құю бекеттері туралы айтты.

«Облыс аумағында газ саласы бойынша Департаментте тіркелген жалпы көлемі 5 550,7 текше метр 7 газ толтыру станциясы бар. Сонымен қатар, тұрмыста қолданылатын газ балондарын толтыратын 4 ұйым жұмыс істейді. Сондай-ақ, 50-ден аса кәсіпкерлік субъектілерінің Түркістан қаласы мен облыс аумағында 300-ден аса автогаз құю бекеттері қызмет көрсетеді. Газ толтыру бекеттерінің айналымында 6 000 аса тұрмыстық газ баллондар бар. Олардың 90%-ы қызмет ету мерзімі өткен болса да пайдалануда»-деп мәлімдеді сала маманы.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Жолдау: Түркістан облысында 50 мектептің құрылысы жүріп жатыр

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім саласындағы қордаланған ...

Сарыағашта «Жайлы мектеп» жобасымен 900 орындық қос мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру бойынша елімізде «Жайлы мектеп» жобасы аясында ауқымды жұмыстар қолға алынып жатыр. Ел Президентінің ...