Түркістан: Жыл басынан бері тарихи орындарға 734 мыңға жуық адам келген

Түркістан облысы тарихи және мәдени мұраға бай. Облыс аумағында 1780 тарихи және мәдени ескерткіші орналасқан. Оның ішінде 1 халықаралық маңызы бар нысан – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, 40 республикалық маңызы бар ескерткіш, 403 жергілікті маңызы бар ескерткіш және 1336 алдын ала тізімдегі нысан бар,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс орталығында орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – тарихи маңыздылығына орай ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізілген халықаралық маңызы бар бірегей сәулет туындысы.

Биыл 9 айдың қорытындысымен тарихи орындарға 733,7 мың адам келген. Атап айтқанда, «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына келушілер саны 535,2 мыңды құраса, «Отырар» қорық-музейін 201,5 мың азамат тамашалаған.

Айта кетейік, Түркістан облысындағы туризм саласын дамыту бағытында Жол картасы әзірленді. Жол картасында туристік нысандардағы инфрақұрылымды жетілдіру, қызмет көрсету сапасын арттыру, маркетинг жұмыстарын күшейту, аудан, қала әкімдіктерінің жұмысын жандандыру қарстырылған.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...