Түркістан халықаралық әуежайы арқылы 8 айда 200 мыңға жуық жолаушы қатынаған — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан халықаралық әуежайы арқылы 8 айда 200 мыңға жуық жолаушы қатынаған

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайы арқылы қазіргі уақытта Ыстамбұл, Кувейт, Абу-Даби және республикаішілік Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Қостанай әуе рейстері қатынайды. Рейстерді «Turkish Airlines», «Jazeera Airways», «Wizz Air Abu Dhabi», «Fly Arystan», «Scat» және «Qazaq Air» әуекомпаниялары орындайды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылдың 8 айында әуежай арқылы 197 300 жолаушы қатынаған. Оның ішінде халықаралық рейстерге – 54 900 жолаушы, ішкі рейстерге – 142 400 жолаушы ұшқан. Ал жүк тасымалы биыл 487,6 тоннаға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11 есеге артқан.

Түркістан қаласынан Анталия, Самарқанд, Мәскеу, Баку, Үрімші қалаларына әуе рейстерін ашу бойынша «Fly Arystan», «Centrum Air», «Fly Khiva» әуекомпанияларымен келіссөздер жүргізілуде. Сонымен қатар, Астана және Алматы бағыттарына рейстер санын көбейту жоспарлануда.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...