Түркістан: Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады

Ел мақтанышы, белгілі спортшы, V дүниежүзілік Көшпенділер ойынының жеңімпазы арыстық Азамат Мақұлбеков республика көлемінде өтіп жатқан маңызды саяси шара АЭС құрылысына қатысты референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.

Алыптар сайысының жеңімпазы Азамат қоғамның белсенді мүшесі ретінде елдің болашағына қатысты маңызды шешімдерден шет қалмауды азаматтық борышы санайтынын жеткізді.

Сондай-ақ, V дүниежүзілік көшпенділер ойынындарында көкпардан жеңіспен оралған Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі жетісайлық Абылайхан Нышанбеков пен Жетісай аудандық көкпар федерациясының Президенті Сабыр Айбеков, аудандық «Ұлттық спорт клубы» КММ басшысы Ерлан Райымбердиев бастаған бір топ шабандоздар Жаңа ауыл ауылдық округінің Ынтымақ елді мекенінде орналасқан №211 дауыс беру учаскесіне барып, өз таңдауларын жасады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласында “Бірлік” мөлтек ауданының арыз-шағымдары тыңдалды!

Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті. Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар ...