«Түркістан-Антитеррор-2024» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтіп жатыр

Бүгін Шымкент қаласындағы «Ақтас» оқу-дала орталығында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Түркістан облыстық жедел штабымен «Түркістан-Антитеррор-2024» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтіп жатыр.

Іс-шараның барысында ескерту жүйелерін жетілдіру, штабтың лаңкестік сипаттағы қауіптерге жауап беруге дайындығы, лаңкестік салдарын барынша азайту мен жою мәселелері пысықталады. Жедел топтар қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды, шартты түрде сотталған лаңкестермен келіссөздер ұйымдастыру, сондай-ақ кепілге алынғандарды босату бойынша және лаңкестерді залалсыздандыру операциясын жүргізеді.

Осыған байланысты облыс және қала тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырады.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...