Түркістан: 30 мыңға жуық оқушы ауыл олимпиадасында бағын сынады

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың ІІ аудандық кезеңі басталды. 9-11 қазан аралығында облысымыздың 16 ауданында олимпиаданың ІІ аудандық кезеңі өтуде. Онда мектепшілік кезеңнен іріктелген 15 000-нан астам білім алушы өз білімдерін сынауда,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олимпиадаға қыркүйек айында облысымыздан 32 854 білім алушы тіркеліп, оның 27 795-і қатысқан болатын. Бұл көрсеткіш өткен оқу жылымен салыстырғанда 6474 қатысушыға артқанын көрсетеді.

ІІ аудандық кезеңнің нәтижесі бойынша, ең жоғары ұпай жинаған 60 оқушы (әр пән және әр сынып бойынша 20 оқушы) ІІІ облыстық кезеңге қатысуға жолдама алады.

x

Check Also

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...