Шымқала әкімі Бадам өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарымен танысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымқала әкімі Бадам өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарымен танысты

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қаладағы кейбір нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол алдымен Еңбекші ауданы, «Маятас» тұрғын алабында Бадам өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарын көрді. Жағалаудың екі жағынан бекітілетін аумақтың ұзындығы 18 шақырым. Бұл аудандағы жұмыс толық аяқталған. Ал, Абай ауданындағы бөлігі ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, алдыңғы аралау кезінде осы тұрғын алаптың тұрғындары ескі аспалы көпірдің жағдайына шағымданып, өзен арқылы жаңа жаяу жүргінші көпірін салу туралы өтініш білдірген болатын. Бүгінде қала әкімінің тапсырмасы бойынша, мердігер ұйым әлеуметтік жауапкершілік аясында жаңа көпір, жаяу жүргінші жолдары мен балалар алаңын салып берді. Шаһар басшысы компания өкілдеріне қаланың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, қалған жұмыстың сапалы әрі уақытында аяқталуына көңіл бөлуді тапсырды.

Бұдан бөлек, әкім Тұран ауданындағы «Металлург» саябағының ағымдағы жағдайын тексерді. Йога алаңының құрылысы барысымен танысты және жергілікті тұрғындармен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады. Азаматтар жаз мезгілінде орындықтар санын көбейту және жаттығу құралдарын жаңарту қажеттігін айтты. Қала басшысы жауапты мамандарға тұрғындардың пікірін ескеріп, тиісті жұмыс жүргізуді және саябақтағы сыртқы жарықтандыру кестесін түзетуді тапсырды.

Әкім Абай ауданында Темірлан тас жолы бойындағы бұған дейін қараусыз қалған гүлзарды қалпына келтіру жұмыстарын да тексерді. Жаңартылған қоғамдық орында газон мен ағаштар отырғызылып, суару жүйесі, орындықтар және жарық шамдары орнатылды.

Сондай-ақ, «Жиделі» тұрғын алабындағы Диваев және Бекет батыр көшелерінде орналасқан жаңа сквердің құрылысымен танысып, Тәуке хан даңғылы, «Көл» аумағы, Тәшенов және Түркістан көшелері, Орталық саябақ және Шәмші Қалдаяқов атындағы саябақтың жағдайы мен тазалығын да тексерді. Тексеруден кейін аудан әкімдіктері мен жауапты басқармаларға көше мен аулалардың тазалығын бақылауды күшейтуді тапсырды.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...