Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасып отыр

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау қажеттігін баса айтқан болатын. Осы орайда Шымкент қаласының 2024 жылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары сараланды.

Шымкент қаласының биылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасып отыр. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,6%-ға, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 3,4%-ға артты. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,1%-ға, инвестиция 14%-ға, құрылыс жұмыстары 22%-ға, жалпы сауда 16,3%-ға, көлік қызметі 30,2%-ға артты. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 111,6%-ды құрады.

Қала инфрақұрылымын дамыту
Шымкент қаласының даму жоспарына сәйкес, қаланы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында 81 елді мекеннің 80-і сапалы ауыз сумен қамтылып, нәтижесінде, 37 мыңға жуық адам ауыз су жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Осыған орай, елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 98,5%-дан 99%-ға артты.

Ендігі кезекте, 2024 жылы қаланың ауыз сумен қамтылмаған қалған елді мекендерін толық ауыз сумен қамту жоспарланып отыр. Осыған орай, елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 100%-ды құрайды.

2023 жылдың қорытындысымен шағын аудандар және көпқабататты тұрғын үйлермен қоса 60 мыңға жуық адам кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Нәтижесінде қамту көрсеткіші 60%-дан 65%-ға өсті. Сонымен қатар 2024-2025 жылы 6 шағын ауданның кәріз жүйесіне жобалау сметалық құжаттама әзірлеу жоспарлануда.

Электр жүйесі бойынша 81 елді мекен толық әрі сапалы электр қуатымен қамтылған. Нәтижесінде, 22 мыңға жуық адам сапалы электр жүйесіне қосылуға мүмкіндік алып, қамту деңгейі 98%-дан 99%-ға өсті. Сонымен қатар 2024 жылы 4 елді мекеннің жаңақұрылыс аумақтарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарын 2024-2025 жылдары атқару жоспарланған.

54 елді мекен табиғи газбен қамтылған, 24 елді мекен көгілдір отынмен жартылай қамтылған. Қазіргі танда табиғи газдын көрсеткіші 96%-ды құрап отыр. 2024-2025 жылы табиғи газбен қамтамасыз ету көрсеткішін 97,4%-ға жеткізу жоспарлануда.

Шымкент қаласы аумағында тозу деңгейі 37%-ы құрайтын 838,6 км жылу құбырлары бар. Сондай-ақ 23 қазандық және 17 сорғы стансасы бар:
• 23 қазандықтың тозу деңгейі – 30,5%-ды құрайды.
• 17 сорғы стансалары тозу деңгейі – 41%

Биыл жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында, 8,7 км жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2 нысан бойынша (Адырбеков, Нұрсат) 4,5 км жылу жүйелеріне реконструкциялау жұмыстарын жүргізу жоспарланып, жыл қорытындысымен 1 нысанның (Нұрсат) құрылыс жұмыстары аяқталды.

​Осыған орай, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2076 көпқабатты тұрғын үй және 464 бюджеттік мекеме тұрақты жылумен қамтамасыз етілді.

2024-2025 жылы жылу жүйелерімен үздіксіз қамтамасыз ету және тозу деңгейін төмендету мақсатында 30,0 км жуық жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланған.

Мегаполис аумағындағы заңсыз берілген жерлерге қатысты айтар болсақ, бүгінде дейін игерілмеген, нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған немесе тиісті құжаттары ресімделмей пайдаланылған жер телімдері анықталды. Осыған байланысты 460 жер телімін құзыретіне сәйкес тексеру үшін Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаментіне 53 хат жолданды.

2024 жылдың 8 айында Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаментіне 131 жер учаскесі бойынша басқарма құзыреті шегінде қарау үшін тиісінше 20 хат жолданды.

Қала экономикасындағы өңдеу өнеркәсібінің дамуы

Шымкент қаласының өңдеу өнеркәсібінде 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 1 617 бірлікті құрады, оның ішінде 14 – ірі, 39 – орта және 1 564 – шағын кәсіпорын. Өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындарында 21 мың адам жұмыспен қамтылған.

Жалпы, өңірдің өңдеу өнеркәсібінің үлесі бүгінде 87%-ды құрап, республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып отыр.

Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары биылғы қаңтар-тамызында 621,6 млрд теңгенің (2023 ж. 8 айы – 594,6 млрд теңге) өнімін өндірп, өнеркәсіптік өндіріс индексі 103,0%-ды құрады.

Түрлі сала бойынша өнім көлемінің артуы есебінен көрсеткішке қол жеткізілді, атап айтқанда фармацевтика өнеркәсібі – 39,1%-ға, химия өнеркәсібі – 36,7 %-ға, резина және пластмасса бұйымдарын өндіру – 17,6%-ға, машина жасау – 6,0%-ға, мұнай өңдеу өнімдері – 2,3%-ға және сусындарды өндіру – 1,7%-ға артты.

Қала бірқатар өнім өндіру бойынша республикада алдыңғы қатарда тұр. Республикада өндірілетін мақта майының 97%-ы, мақта маталарының – 93%-ы, дәрілік заттардың – 35%-ы, шыны ыдыстар өндірісінің – 34%-ы, цемент клинкерлері өнімінің – 31%-ы, мұнай өнімдерінің – 30%-ы, тазартылған күнбағыс майының – 29%-ы, өңделген шай мен кофе өнімдерінің – 28%-ы, минералды тыңайтқыштардың – 25%-ы, портландцементтің – 23%-ы қалаға тиесілі.

Дереккөз: primeminister.kz

x

Check Also

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының жұртшылығы алдында сөз сөйледі

Президент Конгресс-холға жиналған жергілікті қауым алдында сөйлеген сөзінде шаһарға жұмыс сапарымен арнайы келгенін, шырайлы Шымкент еліміз үшін өте маңызды қала, ...

Мемлекет басшысы «Tulip Hall» көпфункционалды кешеніне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы маусым айында пайдалануға берілген конгресс-холл ғимаратымен танысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. Президент тапсырмасына сәйкес бой ...