Шымкенттік слесарьдың шұғыл әрекеті отбасыны өлімнен құтқарып қалды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкенттік слесарьдың шұғыл әрекеті отбасыны өлімнен құтқарып қалды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өзінің батылдығы мен жедел әрекетінің арқасында екі кішкентай баласы бар отбасының өмірін аман алып қалған қарапайым дәнекерлеуші Ермахан Маңқараевты салтанатты түрде марапаттады Қала әкімі қайғылы оқиғаның алдын алған газ қызметкерінің қырағылығы мен кәсібилігін атап өтіп, алғысын білдірді.

Ал қарапайым газ жабдығын тексеру барысында шынайы ерлікке айналған оқиға 14 қазанда орын алған. Ермахан Манқараев белгіленген мекенжай бойынша шақырту алып, көршінің өтінішімен оның пәтеріндегі газ жабдығын тексеруге келіседі. Тексеру барысында ол көміртегі тотығының қауіпті деңгейін анықтап, дереу шара қолданған.

Пәтер иесінің айтуынша, олар пәтерге кіре алмай, іште біреудің әлсіз дауыспен сөйлеп жатқанын естіген. Қосалқы кілт арқылы есікті ашып кіргенде, ес-түссіз жатқан балаларды және ауыр халдегі ананы табады.

Ермахан Манқараев көміртегі тотығының деңгейін тексергеннен кейін бірден газ аспаптарын сөндіріп, терезелерді ашып, балаларды құтқаруға кіріскен. Балалардың бірі ауыр қалде болғандықтан, слесарь дереу жүрекке жабық массаж жасайды, осыдан кейін бала тыныс ала бастайды.

«Мен балаларды таза ауамен демалуы үшін ашық терезенің жанына жатқыздым және әкесін шақырдым, ол да есінен танғандай еді. Ал аналарымен пәтер иесі мен көршісі айналысты», — дейді Манқараев.

Жедел жәрдем жеті минуттан кейін келген. Дәрігерлердің айтуынша, слесарьдың шұғыл әрекеттері отбасын өлімнен құтқарып қалды, себебі отбасы ауруханаға көміртегі тотығымен ауыр уланған күйде жеткізілген.

Астана қаласынан Шымкентке демалысқа келген зардап шеккен отбасы Ермахан мен басқа да көмек көрсеткен жандарға алғысын білдірді: «Егер Ермахан аға және басқалар болмағанда, біз қазір тірі болмас едік», — деді балалардың анасы.

Айта кету керек, пәтердегі қауіптің көзі дұрыс орнатылмаған газ колонкасынан болған. Оған қоса, мұржасы қоқыспен бітеліп қалған.

Осыған орай, әкімшілік тұрғындарға газ жабдықтары мен мұржаларды үнемі тексеріп отырудың маңыздылығын еске салды.

Ал Шымкент әкімдігі жанында газ техникалық инспекциясы жұмыс істейді, оның міндеттеріне газ жабдықтарының жағдайын тексеру және көміртегі тотығымен уланудың алдын алу кіреді.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...