Шымкентте Мұхтар Шаханов атындағы әдеби кабинет ашылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте Мұхтар Шаханов атындағы әдеби кабинет ашылды

Шымкент қаласында ұстаздардың тәжірибе алмасу семинары аясында қазақтың көрнекті ақыны Мұхтар Шаханов атындағы кабинет ашылды. Бұл іс-шара қазақ әдебиетінде айрықша орны бар Шахановтың шығармашылығын дәріптеуге бағытталған маңызды қадам болды. Оның өлеңдеріндегі шыншылдық, ұлттық рух, қайсарлық және философиялық ойлары жастарға үлгі болып табылады. Жаңадан ашылған кабинетте ақынның кітаптары мен өлеңдері көрмеге қойылды. Алдағы уақытта бұл жерде оқушылар «Көркемсөз» үйірмесіне қатысып, ақынның мұрасымен тереңірек танысатын болады.

Кабинеттің ашылу салтанатына Мұхтар Шахановтың өзі арнайы қатысып, оқырмандарымен кездесіп, алғысын білдірді. Ақын өз шығармашылығынан өлеңдер оқып, жастарға батасын беріп, салтанатты шара одан әрі еркін сұхбат форматында жалғасын тапты. Ұстаздар мен оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ақынмен жақын қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алды.

Ал, кеше Қазақстанның халық жазушысы, ғасыр тұлғасы Мұхтар Шаханов Шымкенттік жастармен М.Әуезов атындағы ОҚУ -де кездескен болатын. 

Шығармашылық кеште ақынның өлеңдері оқылып, жиналған жұрт драматург жайында біраз ақпар білді. Басқосуда сөз сөйлеп, ақ батасын берген Шаханов жастардың сұрақтарына жауап беріп, түрлі кеңестермен бөлісті. Егеменді еліміздің, жалпы қарға тамырлы қазақ қоғамына еңбегі сіңген азамат азаттықтың мәніне кеңінен тоқталып, ақындық жолдың ауыр екенін еске салды. Сондықтан, ақын деген атқа лайық болу, оны қорғау керектігі айтылды.

Қазіргі жастарға көңіліңіз тола ма деген студенттің сауалына, Мұхтар аға әдемі жауап берді. Ол өз сөзінде жастар әр қилы. Бірақ шындық биігінен көрінуді мақсат тұтпаған адамды мен еркек деп, әйелді әйел деп есептемеймін. Себебі адамдар тек шындық жерде ғана бақытты өмір сүреді. Ал, бүгінгі жастар сол биікте көрінсе деймін,-деді ақын.

Кеш соңында жиналған көпшілік ақынның сөзіне жазылған «Арыстың жағасында» әнін бірге шырқады. Берері мол бас қосуда Шахановтың кітаптарынан көрме қойылған. Сондай-ақ, ақынның қолтаңбасымен жаңа кітаптары да ұсынылды.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...