Шымкентте жастарға арналған спорт кешені іске қосылды

Шымкент қаласындағы Еламан шағын ауданында жаңа спорт кешені ашылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаланың дене шынықтыру және спорт саласын дамыту мақсатында құрылған спорттық нысанның жергілікті халыққа берері мол. Тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына, жас спортшыларды тәрбиелеуге, және түрлі спорттық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік беретін нысанның ашылуына Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков қатысып, қызыл лентасын қиды.

— Еламан спорт кешені тек спортпен айналысуға ғана емес, сонымен бірге балалар мен жастарды рухани тәрбиелеуге де ықпал ететін орталық болады деп сенемін. Мұнда түрлі спорт түрлерімен шұғылдануға мүмкіндік бар, сонымен қатар кәсіби деңгейдегі жаттығулар өткізуге барлық жағдай жасалған. Осы кешенде өсіп келе жатқан жас спортшыларымыздың арасынан болашақ чемпиондар шығады деп сенеміз. Біз қала тұрғындарын денсаулыққа мән беріп, белсенді өмір сүруге шақырамыз. Болашақта осындай спорт кешендері көбірек ашылып, салауатты өмір салты Шымкент жастарының айнымас құндылығына айналады деген үміттеміз,” – деп атап өтті басқарма басшысы.

Жаңа кешенде заманауи жабдықтармен қамтылған бірнеше спорт залы бар, олардың әрқайсысы нақты спорт түрлеріне арналған. Атап айтсақ, баскетбол, волейбол, футбол және басқа да ойындармен айналысуға болады. Сонымен қатар, күштік дайындық, жаттығу залы және жүзуге қатысамын дегендерге бассейн де бар.

Еламан спорт кешенінің есігі ауыл балаларына, спортпен айналысқысы келетін барлық тұрғындарға ашық. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер үшін бұл кешенде жаттығу жасау – спорттық дағдыларды дамытуға, өз қабілеттерін шыңдау және кәсіби деңгейге жетуге тамаша мүмкіндік.

Айта кетейік, спорттық нысанды ауылдың белсенді тұрғыны, кәсіпкер Саидалимхан Шарипов өз қаражатына салған.

Сонымен қатар, кешеннің ашылуына ауыл ақсақалдары мен спорт ардагерлері қатысып, болашақ чемпиондарға сәттілік тілеп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

x

Check Also

Шымкентте шала туған нәрестеге күрделі екі ота жасалды

Шымкент қалалық перинаталды орталығының дәрігерлері шала туған нәрестеге бір уақытта күрделі екі ота жасады. Шақалақ 31 апталық мерзімде 2350 грамм ...

Программа «Таза Қазақстан»: в Шымкенте все больше горожан, заботящихся об экологии

Пока общество не борется с экологическими проблемами, которые беспокоят мир, результаты невелики. Поэтому суть экологических мероприятий в рамках программы «Таза ...