Шымкентте ерекше қажеттіліктері бар азаматтар жасаған қолөнер туындылары көпшіліктің назарына ұсынылды

Қазан айының соңғы жексенбісі – елімізде әлеуметтік сала қызметкерлері күні ретінде атап өтіледі,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы айтулы күнге орай, Шымкент қаласының Арбат алаңында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыруымен мүгедектігі бар азаматтардың қолымен жасалған қолөнер бұйымдарының ерекше көрмесі өтті.

Көрмеде арнаулы әлеуметтік қызмет алушылар – мүгедектігі бар қарттар мен балалардың әлеуметтік қызметкерлермен бірлесіп жасаған туындылары қойылды. Түрлі-түсті, қарапайым заттардан жасалған, ерекше қолөнер бұйымдары көрмеге келген көпшіліктің көзін қызықтырды. Қала тұрғындары кілемдер, қолдан жасалған әшекей бұйымдар, ағаш пен керамикалық ыдыстар, күміс пен тастан жасалған заманауи әшекейлер және ойыншықтарды тамашалап, үлкен қызығушылық танытты.

– Әлеуметтік қызметкер болу – жай ғана кәсіп емес, ол адам жанына үңіле алатын, жүрегі мейірімге толы жандардың мамандығы. Олар қарттарға қолдау көрсетіп, ерекше жандарға қамқорлық жасайтын бағасы өлшеусіз көмекшілер. Қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қызметкерлер күні ретінде аталып өтеді. Осы мерекені жоғары деңгейде атап өту мақсатында бүгінгі шараны ұйымдастырып отырмыз. Қалада 17 орталық бар, сол орталықтардағы қызмет алушыларымыздың еңбектерін қала тұрғындарына таныстыруды жөн көрдік, – деді басқарма басшысы Жанат Өтебаева.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында 17 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 2000-ға жуық әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Олар ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға денсаулығын қалпына келтіруге, еңбекке бейімделуге және бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Шымкенттегі әлеуметтік орталықтардың жұмысы бүгінде басқа өңірлерге үлгі болуда.

x

Check Also

Шымкент боксшылары Бакудегі халықаралық турнирде төрт медаль жеңіп алды

Әзербайжан астанасы Бакуде 10–15 сәуір аралығында өткен бокстан «Жібек жолы» халықаралық турнирінде Шымкент қаласының спортшылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Турнирге ...

Өрт пен газдан уланудың алдын алу шаралары: ТЖД 155 мың тұрғынмен жеке түсіндіру жүргізді

2024-2025 жылғы жылыту маусымы барысында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында кең ауқымды жұмыстар жүргізілді. ...