Шымкентте ерекше қажеттіліктері бар адамдардың дауыс беруіне жағдай жасалған

Шымкентте ерекше қажеттіліктері бар 3615 сайлаушы тіркелген және оларға ыңғайлы болу үшін сайлау учаскелерінде барлық қажетті жағдайлар жасалған.

1512 мүмкіндігі шектеулі азамат үшін 28 мамандандырылған инватакси жұмыс істеуде және оларды учаскелерге тасымалдауды қамтамасыз етеді.

Есту қабілеті бұзылған 1423 азаматқа 65 сурдоаудармашы көмектеседі және оларды учаскелерде ертіп жүреді.

Көру қабілеті бұзылған 680 тұрғындарға дауыс беру үшін ыңғайлы және қолжетімді болуы үшін тактильді жолдар, үлкейткіштер, Брайльді бюллетеньдер, құлаққаптар және басқа да арнайы құрылғылар орнатылған.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...