Шымкент: Туристік инфрақұрылым және туризмді дамыту шаралары

Cтатистикаға сәйкес, 2024 жылы салалық министрліктің бекіткен индикаторы бойынша ішкі туристер санын арттыруды 534 мыңға, келетін туристер санын 63 мың адамға жеткізу жоспарланған.

2024 жылдың бірінші тоқсандағы қорытындысына сәйкес, жалпы қалаға келген туристер саны 252 919 адамды құрап, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 17,5%-ды құрады. Қазіргі таңда Шымкентте біржолғы сыйымдылығы 6 384 төсек-орынды құрайтын 144 қонақ үй туристерге қызмет көрсетіп келеді.

2024 жылы 8 туристік инвестициялық жобаның құрылыс жұмыстары басталып, жыл соңына дейін іске қосылуы жоспарлануда («Makhambet», «Kazakh Hotel», «Алтай», «Керемет», «Zeinnur-Tau», Dara Garden Hotel, Mardan, «Diamond Hotel»). Инвестиция көлемі болжаммен 7 млрд теңгені құраса, тұрақты ашылатын жұмыс орны 260-ты құрап отыр. 2024 жылдың 7 айында туризм саласымен сабақтас салалар бойынша (14 ОКЭД – туризм саласына негізгі капиталға салынған инвестиция) 25 млрд теңгеге инвестиция құйылды.

Туризмді дамытудағы басты талаптардың бірі – көліктік қолжетімділікті қамтамасыз ету. Осы орайда биыл темір жол вокзалын реконструкциялау жұмысы аяқталып қолданысқа берілсе, жаңа әуежай терминалы жыл соңына дейін халық игілігіне берілмек.

Қазіргі таңда, Сайрамдағы «Хызыр», «Ибрагим ата» және «Қарашаш ана» кесенелерін абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Нысандар аумағында жол, навигациялық жаңа тақтайша, орындықтар, қоқыс жәшіктері және жаңа санитариялық-гигиеналық орындар салынды.

Маусым айында Шымкентте бес жұлдызды қонақ үйдің құрылысы басталды. Әлемге әйгілі «Hilton» қонақ үйі «Шымкент Сити» шағынауданында бой көтеріп, 2026 жылы ашу жоспарлануда. Жалпы қонақ үйде 167 бөлме, 1-ballroom, мейрамханалар, фитнес-орталық және бірнеше конференц-залдар бар. Құрылыстың арқасында 200-ге жуық жаңа жұмыс оры ашылады.

Қызмет көрсету саласы
Қалада республикалық маңызы бар 7 тарихи-мәдени нысанмен (Ибрагим ата, Қарашаш ана, Әбдел Әзіз баба, Қожа салық, Мірәлі баба, Қызыр мұнарасы, Сайрам қалашығы) қатар, өзге де туристік нысандардан құралған тарихи-мәдени, экологиялық-экстремалды, ойын-сауықтық, өндірістік 37 туристік маршрут жұмыс істеп келеді.

Өз кезегінде Шымкент қаласында тікелей әуе бағытында 12 ішкі (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Жезқазған, Өскемен, Орал, Қостанай, Ақтөбе, Петропавл, Семей) және 5 халықаралық рейс (Мәскеу, Ыстанбұл, Дубай, Анталия, Кутаиси) қатынайды.

Тікелей ұшақпен киелі Түркістанға келетін туристерге Шымкент қаласының туристік нысандарын жарнамалау мақсатында Түркістан қаласының әуежайында «Visit Shymkent» туристік ақпараттық дүңгіршек ашылды.

​Сәуір айының 22-24 күндері аралығында «Гид-экскурсоводтарға, қонақ үй қызметкерлеріне және рестораторларға» арналған семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Жалпы семинарға бизнестің 90 қызметкері қатысты.

Туристік іс-шаралар және маркетинг
Әкімдіктің ұйымдастыруымен биыл қаңтар-сәуір айларында Индонезия, Ресей, Франция, Германия, Италия, Оңтүстік Корея және басқа да елдерден келген блогер мен туристік ұйымдарға қаланың туристік әлеуеті таныстырылып, 13 танымдық-ақпараттық экскурсия өткізілді.

Сонымен қатар 2024 жыл Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында биылғы 26-30 наурыз аралығында ҚХР-ның Пекин қаласында өткен көрмеде қаланың туристік мүмкіндігі бизнес өкілдерімен бірлесе отырып, жоғары деңгейде таныстырылды.

Сондай-ақ биылғы 25-26 маусымында Қытайдың Үрімші қаласында «Қытай – Қазақстан аумақтық байланыс» III форумы өтті. Форум аясында «Жеті тандыр» мейрамханасының қолдауымен Шымкент қаласының гастрономиялық фестивалі ұйымдастырылды.

​Туристерді тартудың бірден-бір құралы – қаланы жарнамалау. Осы орайда, биылғы 28-30 маусым аралығында 15 шетелдік және 15 отандық блогерге ақпараттық-блог тур ұйымдастырылды.

Дереккөз: primeminister.kz

x

Check Also

Абай мұрасы ұрпаққа аманат

Бүгін AMANAT партиясының «КІТАП-AMANAT» жобасы аясында Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі мен «Абай Хакім» мұражайының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының туғанына ...

Шымкенттік дәрігерлер комаға түскен науқасты аман алып қалды

Бас ми тамырынан қан кетіп, геморрагиялық инсульт алған 67 жастағы науқас комаға түскен. Өмірі қыл үстінде тұрған пациенттің өмірін сақтап ...