Шымкент: Сайлаушылар дауыс беріп ұлттық ойынға қатысып, сыйлықтар алды

Шымкент қаласында референдумға келген азаматтардың көңіл-күйін көтеріп, белсенділігін арттыру мақсатында түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Атап айтқанда, қаладағы бірқатар референдум учаскелерінде тұрғындар арасында әртүрлі ұлттық ойындар мен спорт түрлерінен сайыстар өтіп жатыр.

Шымкент қаласының №1 олимпиада резервін дайындау спорт мектебінде орналасқан №107 референдум учаскесі орналасқан. Мұнда таңертеңнен бастап дауыс беруге келген азаматтардың легі толассыз жалғасып жатыр. Мұнда келген азаматтар гір тасын көтеру, асық ату секілді ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырылды.

Тұрғындар дауыс беруге көтеріңкі көңіл-күймен келіп, ұлттық ойындар бойынша сайыстарға белсенді түрде қатысты. Ұйымдастырушылар спорттық сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне естелік сыйлықтар табыс етті.

x

Check Also

Өмірін оққа айырбастаған

Майдан даласында мәңгілік ерлік ізін қалдырған жан аз емес. Тарих беттерінде аты алтын әріптермен жазылмағанымен, ұрпағы үшін қасықтай қаны қалғанша ...

Шымкент Жастар театры алғашқы қойылымымен көрермен ықыласына бөленді

Көптен күткен алғашқы қойылым өз көрерменін тапты. Шынайы өмірден алынған оқиғаларға негізделген, өзекті әлеуметтік мәселелерді көтеретін туынды көрермендер көңілінен шығып, ...