Шымкент: Қоғам қайраткерлері референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады

Шымкент қаласы Ақжайық шағынауданындағы «Тұлпар» балабақшасында №218 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Аталған учаскеге қоғам қайраткерлері Орынбай Рахманбердиев пен Шалатай Мырзахметов отбасыларымен бірге келіп, өз таңдауларын жасады.

–Бүгін халқымыз атом электр станциясының құрылысына байланысты маңызды шешім қабылдайды. Бұл еліміздің болашақ эқоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін шешім болмақ. Халқымыз ынтымақ-бірлігін көрсетіп, еліміздің болашағына оң әсер ететін шешім қабылдайы деп сенемін, — деді Ш.Мырзахметов.

Ал, қоғам қайраткері Орынбай Рахманбердиев ел тағдырына жаны ашитын азамат ретінде референдумға белсенді түрде қатысып, өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге келгенін айтады.

Айта кетейік, Шалатай Мырзахметов – қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің бірнеше шақырылымдағы депутаты болса, Орынбай Рахманбердиев – үшінші шақырылымдағы ҚР Парламенті Сенатының депутаты, халықаралық байланыстар, қауіпсіздік және қорғаныс ісі комитетінің мүшесі болған.

x

Check Also

«Жаңа өмір» жобасы – жақсылықтың жаршысы

Шымкентте пробация қызметі есебінде тұрған жастарға арналған «Жаңа өмір» жобасы аясында бірқатар жұмыс жүргізіліп, нәтижелі жүзеге асып отыр. Жыл басында ...

Шымкенттің сүт өнімдері әлемдік нарыққа экспортталады

Қала аумағында қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуші 50-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде, сүтті қайта өндеумен айналысатын ...