Шымкент: Еңбекші ауданындағы электр және газ жүйесі: халықты қамту деңгейі артып келеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Еңбекші ауданының 2024 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Шымкент қаласының Еңбекші ауданында инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту аясында электр желілері мен табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары белсенді түрде атқарылып жатыр. Аудан тұрғындарының қолайлы өмір сүруі үшін мемлекеттік және жекеменшік жүйелер арқылы инфрақұрылымдық қамту көрсеткіштері жақсартылуда.

Досбол Күздікбайұлының айтуынша, ауданда электр жүйесімен қамту көрсеткіші 98,6%-ға жеткен. Оның ішінде мемлекеттік жүйе арқылы 98,6%, жекеменшік жүйе арқылы 1,2% қамтылған, ал жаңа құрылыс учаскелерінің 0,2%-ы әлі қамтылмаған.

2023 жылы Исфиджаб және Достық тұрғын алаптарындағы 1356 абоненттің жекеменшік жүйесіндегі электр желілерін ауыстыру мақсатында тиісті жобалау-сметалық құжаттама дайындалып, сараптамадан оң қорытынды алынған.

Одан бөлек, 9 трансформатор ауыстырылып, 16,7 шақырым электр желісі жаңартылды. 2024 жылы Қарабастау жаңа құрылысында 120 абонентке арналған жаңа желілер мен трансформаторларды орнату жоспарлануда.

Аудандағы табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 90,7% құрайды. Оның 73%-ы мемлекеттік жүйеге, 17,7%-ы жекеменшік жүйеге тиесілі. Қамтылмаған 9,3%-ды қамту 2024-2025 жылдарға жоспарланған.

Халықты сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету басты мақсат
Шымкент қаласының Еңбекші ауданы 22 800 гектар аумақты қамтып, 228 830 тұрғыны бар. Ауданда 18 тұрғын алап пен 11 шағынаудан орналасқан. Мұнда 728 көше мен өткел, 2 саябақ, 3 гүлзар, 283 көпқабатты және 37 061 жеке тұрғын үй бар. Бұл туралы бүгін Еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлы баяндады.

Ауданның негізгі бөлігіндегі 29 шағынаудан мен тұрғын алаптар инженерлік жүйелермен қамтамасыз етілген. Тұрғындардың қолайлы өмір сүруі үшін аудан әкімінің аппараты маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда:

Ауыз су: 97%-ға қамтылған, электр жарығы: 99,8%, табиғи газ: 90,7%; кәріз жүйесі: 41%, асфальт жолдар: 73,1%-ды құрайды.

2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» аясында қала әкімінің тапсырмасына сәйкес инфрақұрылым жүйелерін дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Келесі жылы «Жастар» көшесі мен «Қазығұрт» станциясы маңындағы 102 абонент және Оңтүстік-Жаңақұрылыс аймағындағы 989 абонент сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Бұл бағытта жобалау-сметалық құжаттаманы «Строительная группа «Архитектор» ЖШС әзірлеуде.

Еңбекші ауданының инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар тұрақты жалғасып, тұрғындардың өмір сапасын арттыруда.

x

Check Also

Шымкентте сейсмикалық қауіпсіздік шаралары күшейтілуде

Бүгін Шымкентте сейсмикалық қауіпсіздік пен төтенше жағдайларға дайындық мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз ...

Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели

В Шымкенте состоялось торжественное награждение Ермахана Манкараева, простого слесаря, который благодаря своей смелости и оперативным действиям спас жизнь семье с ...