Шымкент: Бұқаралық спортты дамыту шаралары

Қаламыздағы бұқаралық спорттың дамуы спорттық инфрақұрылымға байланысты. Қазіргі уақытта, жеке кәсіпкер тарапынан Еңбекші ауданы Еламан тұрғын алабында «ЕЛАМАН» спорт кешені пайдалануға берілді.

Ал, жыл соңына дейін қалалық №12 спорт мектебінің құрылысы және «SPORT LIFE» кіші футбол орталығының құрылысы жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Оған қоса №15 спорт мекептің спорт нысанының құрылысы биыл сәуір айында басталды. Құрылыстың жалпы қаржысы 1,7 млрд теңгені құрайды.

Алдағы уақытта, Тұран шағын ауданындағы 5 гектар жер телімінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Паралимпидалық, сурдлимпиалық спорт кешенінің» құрылысын 2025-2026 жылдар аралығында жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта, Тұран құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Сонымен қатар 2024 жылға жергілікті бюджеттен спорт секцияларын жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасына 2 866 млн теңге қаржы қарастырылды.

Қазіргі таңда, мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру платформасында 121 кәсіпкер біліктілік іріктеуден өтіп, спорттың 18 түрінен 205 секцияда 17 024 бала спортпен айналысуда.

Осы жоба аясында 328 жаттықтырушы және 195 жуық басқада қызметкер жұмыспен қамтамасыз етіліп отыр. Жалпы саны 523 адам.

Жыл басынан қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыруды дамыту, спортпен шұғылдануға тарту мақсатында қала аумағында 159 спорттық (халықаралық, республикалық, қалалық, бұқаралық) іс-шаралар өткізіліп, оған 18 мыңнан астам адам қатысты.

Оның ішінде ауқымды спорттық іс-шараларды айтар болсақ:
• «Наурыз» мерекесі аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар;
• Бәйгеден Қазақстан Республикасының чемпионаты;
• Садақ атудан халықаралық турнир;
• Қазақ күресінен «Шымкент Барысы»;
• Мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада;
• Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында спартакиада.
• Аула чемпионаттары 34 жерде өткізіліп, жалпы 1200-ден астам бала мен іс-шараны өткізуге 80-нен астам спорт қызметкері жұмылдырылды. Алдағы уақытта «Аула чемпионаттары» жүйелі түрде өткізіліп тұрады.

Жыл соңына дейін Шымкент жастар Лигасы, футболдан жас ерекшеліктері бойынша лига жарысы, спорт мекемелері қызметкерлері арасында спартакиада жарысы, жоғарғы және орта оқу орындарының студенттері арасында спорт түрлерінен спартакиада жарыстары және басқа да спорттық іс-шаралар өткізілетін болады.

Қазіргі уақытта, бұқаралық спортты дамыту аясында қаламыздағы бұқаралық, спорттық іс-шараларды өткізу үшін «Шымкент қаласының дене шынықтыруды дамыту және іс-шараларды өткізу дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз жұмысын бастады.

Дереккөз: primeminister.kz

x

Check Also

Шымкент боксшылары Бакудегі халықаралық турнирде төрт медаль жеңіп алды

Әзербайжан астанасы Бакуде 10–15 сәуір аралығында өткен бокстан «Жібек жолы» халықаралық турнирінде Шымкент қаласының спортшылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Турнирге ...

Өрт пен газдан уланудың алдын алу шаралары: ТЖД 155 мың тұрғынмен жеке түсіндіру жүргізді

2024-2025 жылғы жылыту маусымы барысында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында кең ауқымды жұмыстар жүргізілді. ...