Шымкент әзіл-сықақ және сатира театрының ұжымы референдумға қатысты

Шымкент әзіл-сықақ және сатира театрының ұжымы республикалық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады. Өнер ұжымы Шымкент қаласындағы 231 референдум учаскесіне келіп дауыс берді.

Мемлекет үшін маңызды оқиғада азаматтық парызын орындаған әртістер өз отандастарының дауысы келешек үшін айрықша мәнге ие екенін атап өтті.  

— Бүгінгі референдум барша қазақстандықтар үшін маңызды оқиға. Атом электр станциясын салу немесе салмау туралы таңдауды халықтың өзі жасап жатқанын жөн деп санаймын. Өз отандастарымды өз таңдауларын жасауға шақырамын. Себебі елдің болашағы қашан да халықтың қолында. Мен де қарапайым халықтың қатарындағы азаматпын. Менің де дауысым маңызды деп ойлаймын. Бүгін өз таңдауымды жасадым,- деді Шымкент әзіл-сықақ және сатира театрының әртісі Нұржан Құлшынбаев.

Айта кету керек, әртістер бұл референдумға ұлттық нақыштағы киімдермен келген. Ел алдында жүрген олар барша қазақстандықтарға дауыс берудің маңызды екенін айтты..

— Бұл үстіртін қарайтын шаруа емес. Маңызды оқиға. Өнер адамдары қашанда ел үшін жасалған қадамдарда, оқиғаларда алдыңғы шепте жүретін жандар. Сондықтан, үнсіз қалмай мемлекеттік мүдде үшін таңмен таласа келдік. Тек концерттер мен той-думандарда ғана емес, саяси шешімдер де төбе көрсеткеніміз абзал,-дейді Шымкент әзіл-сықақ және сатира театрының әртісі Гүлнұр Қалмырзаева.

x

Check Also

«Жаңа өмір» жобасы – жақсылықтың жаршысы

Шымкентте пробация қызметі есебінде тұрған жастарға арналған «Жаңа өмір» жобасы аясында бірқатар жұмыс жүргізіліп, нәтижелі жүзеге асып отыр. Жыл басында ...

Шымкенттің сүт өнімдері әлемдік нарыққа экспортталады

Қала аумағында қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуші 50-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде, сүтті қайта өндеумен айналысатын ...