Сауранда «Ұстазыма мың алғыс!» атты салтанатты мерекелік шара өтті

5 қазан – Ұстаздар күніне орай, А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұстазыма мың алғыс!» атты салтанатты мерекелік іс-шара болып өтті.

Шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, аудандық мәслихат депутаты Серікбай Оразбеков, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Фатима Рысбекова, ардагер ұстаздар мен мектеп директорлары мен орынбасарлары, мұғалімдер қатысты. Мерекелік салтанатты шараның ашылу рәсімінде аудан әкімі Мақсат Таңғатаров білім саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыс хатпен марапаттады.

«Білім көшін алға жылжытып келе жатқан сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаз ұлағатын ұлықтап, қадірі мен қасиетін құрметтеу парыз, олардың жағдайын жасап, мәртебесін көтеру — біздің міндетіміз. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында білім саласына, оның ішінде мұғалімдердің хал-ахуалына ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Бұл әрбір педагогке зор жауапкершілік жүктейді. Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын!», — деп игі тілегін білдірді аудан әкімі Мақсат Асылбекұлы.

Шарада Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маман Тұрғанкүл Ширманбаева, Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының» директордың міндетін атқарушы Күлаш Нұржанова, аудандық мәслихат депутаты Серікбай Оразбеков, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, ардагер ұстаз Жұмағали Бекмұрзаев, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Фатима Рысбекова ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтады.

Салтанатты жиында бір топ ұстаздар қауымы Ы.Алтынсарин төсбелгісімен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Түркістан облыстық «AMANAT» партиясының алғыс хатымен және облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің кәсіподаққа еңбегі сіңген төсбелгісімен марапатталды. Мерекелік жиын аудандық білім бөлімінің арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

Келесі жылдары білім гранттарының саны артады — министрлік

Ғылым және жоғары білім министрлігі үш жылдық бюджетте мемлекеттік білім беру гранттарының санын көбейту мүмкіндігіне қатысты түсінік берді. — Қазақстан Республикасында ...