Сауран: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және құмар ойындарға шектеулер жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Сауран ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудандық әдеп жөніндегі уәкіл Бахытжан Полатов аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлерімен кездесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және ойын бизнесі туралы заңында көзделген талаптар мен міндеттерді қатаң сақтау бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті, сыбайлас жемқорлыққа тұрақты иммунитеті болмаса, қалаулы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Біздің қоғамның әрбір толыққанды мүшесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу — бүкіл қоғамның, әрбір азаматтың ісі екенін атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра отырып, қоғамдық сананың өзгеруіне түрткі боламыз. Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана адамгершілік және адамгершілікке жат қылықты, заңды және заңсыздықтың шегін көрсетеді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қамтамасыз ету үшін моральдық-адамгершілік, идеологиялық, құқықтық шараларды талап ететінін жеткізді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің ішіндегі 12-бапта көзделген «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының заңында айтылған анықтамаға тоқталды. Онда мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға немесе бәс тігуге қатысу, интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайтынын атап өтті. Осы жоғарыда аталған күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілердің бойларын аулақ салуды кеңінен түсіндіріп өтті.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...