Сауран: «Ауылым — алтын бесігім» атты сайыстың гала концерті өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауран: «Ауылым — алтын бесігім» атты сайыстың гала концерті өтті

Бүгін аудан орталығында ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, салт-дәстүрімізді дәріптейтін «Ауылым — алтын бесігім» атты сайыстың нәтижелері айқындалатын гала концерт ұйымдастырылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айтулы мереке жоғары деңгейде аталып өтілді. Жиынға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, аудандық мәслихат депутаты Хуршид Шарапов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов қатысып, тұрғындарға алғы сөздерін арнады.

«Бүгін өздеріңізбен мәдениетіміздің мерейін асырып, даңқын асқақтатар кезекті шарада бас қосып отырмыз. «Ауылым — алтын бесігім» деген атаумен айдарланған жиын жергілікті тұрғындарды, өнерпаздарды ортақ құндылықтар — өнер, мәдениет және дәстүрлер төңірегінде біріктіретін орта деп білеміз. Осы мәдени шара арқылы өңірімізде салт-дәстүрімізді жаңғыртып, ұлттық құндылықтарымызды кеңінен насихаттау жұмыстары кеңінен атқарылды. «Ел іші — өнер кеніші» демекші, «Ауылым — алтын бесігім» өнердің қоғам өміріндегі маңызына тоқталып қана қоймай, шығармашылық өкілдерін біріктірді. Сондай-ақ, ел арасында сақталып қалған дәстүрлерді жаңғыртып, өнерпаздарымыздың өнерін таныта алды деп айта аламыз» — деп атап өтті аудан басшысы.

Жиын барысында ауданға сүбелі еңбек етіп жүрген азаматтар аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, «Ауылым — алтын бесігім» атты аудандық сайыс жеңімпаздарына жүлделерін табыстады. Мерекелік концертте эстрада жұлдыздары Ғазизхан Шекербек пен Әділет Жауғашар өнер көрсетіп, шығармашылықтарынан танымал әндерін шырқады.

Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндерін қалың көрермен назарына ұсынды. Айтулы шара — халқымыздың рухын көтеріп, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын мереке ретінде өз жалғасын таба берсін деген көптің тілегімен мерекелік шара қорытыланды.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...