Республика күні Шымкент — мақтаныш пен бірліктің жаңа символына ие болды

Республика күніне орай Шымкентте қаланың көптеген нүктелерінен көрінетін жаңа символ пайда болды.

Shymkent City шағын ауданында биіктігі 100 метрлік ту бағанасында мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді. Көлемі 30×15 метрлік үлкен ту қаланың ең биік нүктесінде желбіреп, патриотизмнің жаңа белгісі мен символына айналды.

Tulip Hall орталығының жанына флагшток орнату бұл жерді жаңа көрнекті орынға айналдырды. Жаңа флагштоктың биіктігі Ордабасы алаңындағы 50 метрлік флагштоктан едәуір асып түседі, Бұл Шымкент қаласының серпінді дамуын және қаланың жаңа биіктерге ұмтылуын көрсетеді.

Шымкент тұрғындары мен қонақтары атап өткендей, жоғары көтерілген ту барлығын бір тудың астына біріктіре отырып, ерекше бірлік пен мақтаныш сезімін тудырады.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...