Референдум: Түркістан облысының мақташылары дауыс берді

Мақтааралдық шаруалар мен мақташылар бүгінгі тарихи сәтке бейжай қарамай АЭС салуға қатысты өз таңдауларын жасады.

Қазіргі таңда мақта алқаптарында 2 мыңға жуық адам жұмыс істеуде. Жалпы аудан бойынша 62 референдум учаскесі таңертеңнен бастап сайлаушылар үшін ашық тұр. Ауданда 69 940 референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тіркелген.

Мақтаарал ауданында мүгедектігі бар азаматтарға жағдай жасау үшін 61 сайлау учаскелері арнайы кабиналармен, тактилдік көрсеткіштермен, арнайы бұрыштармен, мониторлы компьютермен, құлақаспаптармен, ұлғайтқыштармен, тұтқалармен және пандустармен толық жабдықталған. Сонымен бірге, 11 сурдо-тифло аудармашы, 3 инватакси, 4 әлеуметтік таксимен қызмет көрсетуде.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласында “Бірлік” мөлтек ауданының арыз-шағымдары тыңдалды!

Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті. Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар ...