Референдум ТМД байқаушылар миссиясының жіті бақылауында

Науқанды қадағалауға Әзербайжан, Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен 74 байқаушы келген. Олар өңірлерді аралап дауыс беру барысын бақылайды. Бүгін ТМД байқаушылар миссиясының басшысы елордадағы №191-ші референдум учаскесіне барып, жұмыс барысына назар аударды. Аталған учаске Республикалық физика математика мектеп ғимаратында орналасқан. Мұнда 2 мың 400 дауыс беруші тіркелген.

Леонид Анфимов, ТМД байқаушылар миссиясының басшысы:
— Бүгін біз Астанадағы учаскелерге барып дауыс берушілер және ішкі байқаушылармен кездестік. Бұл жақта барлығы талапқа сай. Ешқандай шағым және құқықбұзушылық тіркелмеді. Сондай-ақ өңірлерде де жұмыс қызу жүріп жатыр. Жауапты мамандар аймақтарды аралап, дауыс беру барысын бақылауда. Әсіресе табиғи апаттан зардап шеккен аймақтарға басты назар аудардық. Ондағы науқанның халықаралық стандартқа сай өтуі жіті қадағаланады.

24.kz

 

x

Check Also

В Казахстане снижается уровень подростковой преступности

В 2024 году в Казахстане проведено более 12 тыс. профилактических мероприятий среди детей и подростков. Сотрудники ювенальной полиции активно взаимодействуют ...

Итоги года: ключевые достижения и перспективы развития энергетического сектора Казахстана

Энергетический сектор Казахстана является одной из ключевых отраслей экономики. В условиях растущего внимания к устойчивому развитию и глобального перехода на ...