Референдум: Ордабасылық ғасыр жасаған соғыс ардагері дауыс берді

Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмен Мұратов үй жағдайында №437 сайлау учаскесінің жылжымалы жәшігі арқылы дауыс берді.

Ардагер 1924 жылы 20 ақпанда аудандағы Бөржар ауыл округі, Таздар ауылында дүниеге келген. Ол 1942 жылы 1 тамызда әскер қатарына шақырылып, Беларусь майданында шайқасқан. Нәтижесінде қария “Құрмет белгісі”, I дәрежелі “Отан соғысы” ордендерімен және “Еңбек ардагері” медаліне ие болған.

Айта кетейік, жалпы облыста 200 мыңға жуық зейнет жасындағы қарт пен ардагерлер тұрады. Оның 11-і Ұлы Отан соғысының ардагерлері болса, 3,2 мыңнан астамы тыл еңбеккерлері.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...