Референдум: облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары дауыс берді

Мерейлі отбасы облыстық байқауының І орын иегері Меңлібаевтар отбасы референдумға келіп, өз таңдауларын жасады.

Олар Сарыағаш ауданындағы №682 дауыс беру учаскесіне барып таңдауларын жасады. Отағасы Есіркеп Меңлібаев 74 жаста. Ал жұбайы Орынкүл Меңлібаева зейнеткер, «Алтын алқа» иегері. Үлгілі отбасы 3 ұл, 4 қыз, 22 немере, 11 шөбере тәрбиелеп отыр.

Айта кетсек, Түркістан облысында 1 млн 180 мыңнан астам адам дауыс беруге құқылы. Өңірде 17 аудан-қала бойынша 945 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...