Қазақстандағы туризм индустриясы үшін кадрлар даярлайтын жалғыз бейінді оқу орны Түркістан қаласында

Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университеті — туризм және қонақжайлылық индустриясы үшін кадрлар даярлайтын Қазақстандағы жалғыз бейінді жоғары оқу орны. Университет оқу көлемінің 60%-ын – өндірісте, 40%-ын оқу орнында өткізеді. Бұл туралы брифингте аталған университет ректоры Әлібек Шоқпаров мәлімдеді.

«Университетте қызмет көрсету саласындағы халықаралық ұйымдардың топ-менеджерлерінің қатарына кіретін оқытушы профессорлар сабақ береді. 2024 жылдан бастап 3 жылдық оқыту жүйесі іске асырылуда. Сабақтың тәжірибелік бөлігі туризм саласындағы мекемелер, қонақүйлер, туристік фирмалар, мұражайлар, әуежайлар және мейрамханалар базасында ұйымдастырылады. Осы бойынша дуальды оқыту жүйесі іске асырылуда. Биыл университетті алғашқы 460 түлек бітіріп, олардың 57%-ы үш ай ішінде жұмысқа орналасты. 2022 жылы оқу орны жанынан Ғылыми-зерттеу орталығы құрылды. Оның негізгі міндеттерінің бірі – ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеу және іске асыру. Ал, 2023 жылы универиситет қабырғасында әскери кафедра ашылды. Ол жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруда және олардың ұлттық бірегейлігін нығайтуда маңызды рөл ойнайды», — деді университет ректоры.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысында алғаш рет жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау бойынша семинар өтті

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылады. Олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды ...

Түркістан: «Конгресс холл» кешенінің «Jana lep» ұжымы «Алғашқы махаббат» спектаклін сахналайды

Түркістан облысындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде 10 сәуір күні Қанат Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиялық спектаклінің премьерасы өтеді. Қойылым «Jana lep» ...