Отыз оқушы күзгі демалысын Дубайда өткізеді (видео)

Отыз оқушы күзгі демалысын шетелде өткізеді, деп хабарлайды 24KZ. Алайда олар қыдыру үшін емес, әлемдегі үздік университеттерге барып, техникалық базасымен танысады.

Елдің әр өңірінен жүзден жүйрік шыққан оқушылар Алматыдан Дубайға аттанды. Сөйтіп, олар демалыста текке жатпай, болашақ мамандықтарының қыр-сырына қанығып қайтпақ.

Елдің әр өңірінен жиылған және көрші елдерден Алматыға арнайы келген 30 оқушы Дубайға жол тартады. Олар тоқсандық демалыста Біріккен Араб Әмірліктеріндегі әлемдік университеттерді көріп, оқу үдерісімен танысады. Ал мұндайға тегін жолдаманы ұтып алу үшін білім беру орталығының үздігі атану керек. Жүзден жүйрік шыққан оқушының бірі – Өзбекстаннан келген Нұрбек Хамитов.

Нұрбек Хамитов, 10-сынып оқушысы:
— Бізге өзіміз қалаған тақырып бойынша жоба жасап, қорғап шығуды тапсырды. Мен медицина тақырыбын таңдап, осы саладағы қалдықтарды қауіпсіз түрде утилизация жасау туралы жоба жасадым. Бір апталық жұмыстың арқасында І орын алдым.

Тәжірибелі профориентатор Бақнұр Зиябековтың айтуынша, мектеп бітіруші түлектердің көбі болашақта отандық университеттерде білім алам деп ойлайды. Өйткені білікті жастарға оқу грантын беретін мыңнан аса шетелдік ЖОО барын көбі біле бермейді. «Бұл орайда алдымен пәнді емес, өзі қалаған саланы таңдаған дұрыс», – дейді ол.

Бақнұр Зиябеков, профориентатор:
— Дүниежүзі бойынша 20-дан астам мемлекетке біз баланы грантқа түсіруге мүмкіндік ашып бергіміз келеді. Біріншіден, бізде Қазақстанда жоқ мамандықтар сол жақта бұрыннан бері жүргізіліп жатыр, оқытып жатыр. Ертеңгі күні сол маман біздің Қазақстанның экономикасын жүзеге асыруға және дамытуға үлкен өзінің рөлін табады деген сенім бар

Семей қаласында оқитын Ақерке Дәулетқызы – өткен тоқсандағы демалыста шетелге жолдама алған 30 оқушының бірі. Ол қазір ағылшын тілін тереңдете оқып жүр. Келесі жылы Еуропа немесе Азияның бірнеше университетіне тест тапсырмақ ойы бар.

Ақерке Дәулетқызы, 11-сынып оқушысы:
— Бұл мен үшін үлкен тәжірибе болды, өйткені біз Дубайдың 5 университетін қарап шықтық және ол жаққа қандай құжаттар керек екенін, талаптарды көріп, біз портфолио жинай бастадық.

Жыл басынан бері 300-ге жуық бала осылайша шетелге барып, әлемдік рейтингті бастап тұрған университеттерді көрген. Мұны көрсетудегі мақсат – қазақ еліне шыңдалған, жан-жақты маман дайындау. Қазірдің өзінде 11 түлек шетелдік жоғары оқу орындарының грант иегері атанған.

© «24kz» телеарнасы

x

Check Also

Су тасқыны кезінде республика бойынша 120 мыңнан астам азамат құтқарылды

Су тасқыны кезеңінде 120 мыңнан астам азамат құтқарылып, уақытша орналастыру пункттеріне орналастырылды, оларға барлық қажетті көмек көрсетілді. Су басқан аймақтарға ...

В ходе паводков было спасено свыше 120 тыс. граждан в Казахстане

За весь паводковый период было спасено свыше 120 тыс. граждан, которые были размещены в пунктах временного размещения, им была оказана ...