Орталық Азия елдері театрларының IX халықаралық фестиваліне шақырамыз

Қадірлі театрсүйер қауым!

2024 жылдың 6-11 қараша аралығында Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық Қазақ драма театрының 95 жылдығына арналған Орталық Азия, түркітілдес мемлекеттер мен Қазақстанның кәсіби театр ұжымдары қатысатын ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ ТЕАТРЛАРЫНЫҢ IX ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ өтетінін хабарлаймыз!

Фестиваль құрылтайшысы — Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті. Ұйымдастырушы — Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры.

Фестивальдің мақсаты мен міндеттері:
* Орталық Азия елдері мен түркітілдес мемлекеттердің театр мен өнер саласындағы ынтымақтастығын нығайту;
* Бірлескен шығармашылық жобаларды іске асыруда әріптестік қатынастарды қалыптастыру және талантты да шығармашыл жастарды қолдау;
* Көрермендер назарын заманауи театр өнерінің жетістіктеріне аудару және т.б.

Алдағы уақытта қатысушы театрлар мен қойылымдар қатарын жариялайтын боламыз. Фестиваль жаңалығын жіберіп алмаңыз, көрермен!

 
x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...