М.Таңғатаров: Инвесторларды тарту бағытында жұмысты үйлестіру қажет — Xnews — ақпарат агенттігі

М.Таңғатаров: Инвесторларды тарту бағытында жұмысты үйлестіру қажет

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен ауданның апталық мәжілісі болып өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, кеңесшілері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде 6 мәселе қаралды. Онда Иассы және Қарашық ауылдық округтерінің индустриалды аймақтарындағы атқарылып жатқан жұмыстары туралы ауылдық округ әкімдері Сыздық Пірметов, Сәкен Оразбаев, Үшқайық ауылдық округіндегі балық шаруашылығы бойынша атқаралып жатқан жұмыстары туралы Үшқайық ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Болат Әлжанов баяндама жасады.

Сонымен қатар, инвестициялық жобалардың жыл соңына дейін орындалуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакиров, облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы Айдос Байжанов, «Сауран-Су» МКК мекемесі абоненттерінің ауыз суға төлемдерінің орындалуы бойынша мекеменің басшысы Мұхит Пірімбетов хабарлап өтті.

Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды міндеттеді.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...