М.Таңғатаров: Ауданда туризм саласын дамыту бағытында кешенді шаралар қабылдау қажет

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен аудан әкімдігінің кеңейтілген мәжілісі болып өтті. Мәжіліске әкімдік мүшелері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжілістің күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Онда аудан көлемінде туризм саласын дамыту бағытында атқаралып жатқан жұмыстары және алдағы жоспарлары туралы кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакиров, «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі Д және Е санатындағы отбасылар санын төмендету бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбек баяндама жасады.

Сонымен қатар, 2024-2025 жылдарға жылу беру маусымына дайындық жұмыстары туралы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Асылбек Қанағат, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 8 айында атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары бойынша мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жанар Жұмабекова хабарлап өтті.

Әкімдік мәжілісінде қаралған мәселелер бойынша жоғарыда аталған бөлімдердің жасаған қаулыларының жобалары ұсынылып, өзгерістер енгізілді. Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды міндеттеді.

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...