Халықтық штаб мүшесі Мұрат Әбенов «Қорқыт ата» университетінде кездесу өткізді

Бүгін республикалық Халықтық штаб мүшесі Мұрат Әбенов «Қорқыт ата» атындағы Қызылорда университетінің ғалымдарымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесуде штаб мүшесі атом энергетикасының да ерекше сала екенін атап өтіп, еліміздегі ядро-физикалық институттың жеткен жетістіктеріне тоқталды.

Ядро-физикалық институт өз жұмысын 1957 жылы бастаған. Әлемдегі атом станциялары мен реакторларының жұмысын бақылауда ұстайтын халықаралық «МАГАТЭ» ұйымы орталықта бірнеше мәрте тексеріс жұмыстарын жүргізіп, бірде бір рет ескерту бермеген екен. Бұл біздің отандық ғалымдарымыздың тиісті деңгейде қызмет етіп отырғандығын көрсетеді. Негізі ғылыми-зерттеу ядролық реакторларының іске қосылуымен Қазақстанға ғылыми тәжірибелер жүргізуге, сондай-ақ ядролық физика әдістерін еліміздің ұлттық экономикасының әртүрлі салаларына енгізуге кең мүмкіндіктер ашылады. Алдағы уақытта физика ядролық саласыда да өңіріміздің азаматтары жемісті еңбек ететіні сөзсіз деп пікір білдірген штаб мүшесі оқытушылармен жаһандағы атом энергетикасының қазіргі ахуалын талқылады.

Кездесуде университет ғалымдары Қазақстанның ғылым саласындағы орталыққа айналғанын тілге тиек етті.

x

Check Also

Жыл қорытындысы: құқық бұзушылыққа қарсы күресті күшейту, әйелдер мен балалар құқығын қорғау, ТЖ алдын алу және жою бойынша кешенді шаралар қабылдау

Primeminister.kz сайтының редакциясы еліміздің 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланымдар сериясын жалғастырады. Өткен жылы Қазақстанның ішкі істер органдары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың ...

Итоги года: усиление борьбы с правонарушениями, защита прав женщин и детей, принятие комплексных мер по предупреждению и ликвидации ЧС

Редакция сайта Primeminister. kz продолжает серию публикаций об итогах развития Казахстана в 2024 году. В уходящем году органы внутренних дел ...