Д,Сатыбалды кәсіпкерлерге өнеркәсіп аймақтарын көгалдандыру жөнінде тапсырма берді — Xnews — ақпарат агенттігі

Д,Сатыбалды кәсіпкерлерге өнеркәсіп аймақтарын көгалдандыру жөнінде тапсырма берді

Әр кәсіпкер өндіріс орнының айналасын қоршап, тал егу керек. Кәсіпорындардың жұмысын пысықтаған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өнеркәсіптік аймақтарын көгалдандырудың маңыздылығына тоқталып, кәсіпкерлерге зауыт маңын реттеуді міндеттеді. Кәсіпкерлерді өндірісті кеңейтіп, терең өңдеуге көшудің маңыздылығын түсіндірді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сауран ауданы, Шаға ауылдық округі, Қазақстанның ХХХ жылдығы елді мекеніндегі ЖШС «EURO BETON» бетон зауыты бетон бұйымдарының барлық түрлерін шығарады. Төрт жыл бұрын іргетасы қаланған зауыт 2,5 гектар жерде орналасқан. Отандық өнімның бағасы қолжетімді. Сұраныс та жоғары. Зауытта 100-ге жуық жергілікті тұрғын жұмыс істейді.

Сауран ауданы облыс әкімінің жіті бақылауымен өндіріс аймағына айналуда. 2030 жылға дейін ауданда 53,1 млрд. теңгенің 85 жобасын іске асыруды жоспарланған. Атап айтқанда, тоқыма бұйымдарын өндіру, тамшылатып және жаңбырлатып суару жабдықтарын шығару, жиһаз, пластмасса бұйымдар өндіру, құрылысқа қажетті материалдарын шығаратын зауыт, фабрикалар жұмыс бастайды. 2,5 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылып, кіріс артпақ. Өндіріс алаңдары құрылады.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...