Біз өз таңдауымызды жасадық!

Сіз де өз таңдауыңызды жасап, республикалық референдумға қатысу арқылы конституциялық құқыңызды жүзеге асырыңыз. Осы мемлекеттің азаматы ретінде өз даусыңыздың маңызын сезініңіз.

Жаһандық сын-қатерлер уақытында бүгінгі референдум қоғамдағы тұрақтылық пен дамудың, өркендеудің кепілі болып отыр.

Мемлекет өмiрiндегі аса маңызды мәселеге арналған бүкiлхалықтық дауыс беру — болашақ мәселелерді халықпен бірге шешудің жолы. Бұл биліктің халық пікірімен санасуы, үлкен өзгерістің бастамасы деп білемін.

Бұл референдум әрбір қазақстандықтың саяси мәдениетін, жауапкершілігін, билікке деген сенімін арттырады.

Референдумға қатысып, қоғамға үн қосу арқылы еліміздің жарқын болашағына, жаңа өміріне қадам жасайтын маңызды күнде жұдырықтай жұмылуға шақырамын!

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...