Түркістанда триатлоннан Азия және Қазақстан кубогы өтті

Түркістан қаласындағы жаңадан салынған ескек есу каналында триатлоннан элиталық және жастар арасында Азия кубогы мен ел кубогы сарапқа салынды. Тартысты өткен сайысқа Сингапур, Иран, Белоруссия, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерімен қатар Қазақстаннан барлығы 36 спортшы қатысып, бас жүлдеге таласты. Екі сынақ бойынша өткен жарыста жастар және элиталық болып бақ сынасты.

Аталған шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев арнайы қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жеңісімен құттықтап, марапаттады. Жарысты Түркістан облысының су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жоғары дәрежеде ұйымдастырды.

Сайыс қорытындысында элиталық жарыс бойынша ерлер арасында Белоруссия үміті Микита Катсиянеу қара үзіп, дара шығып, бас жүлдені иеленді. Ал Қазақстанның намысын қорғаған Темірлан Теміров 2-орында болса, өзбекстандық Жереми Хуиндос үштікті қорытындылады. Сондай-ақ элиталық әйелдер арасында өзбекстандық Алина Хакимова 1-орынды иеленсе, 2-орыннан Германия елінің өкілі Софие Гиевманн көрінді. Ал сингапурлық Лоуиса Мария Миддледич 3-орынмен келді.

Жастар арасында үш орынды да Отандастарымыз иеленді. 1-орын Али Жанат, 2-орын Қуаныш Бекенов, 3-орын Никита Дубинскаяда. Ал қыздар арасында да үш орынды да қазақстандық арулар еншіледі. Атап айтсақ, 1-орын Диана Ержанова, 2-орын Анель Исабаева, 3-орын Юлиана Петроваға бұйырды.

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...