Түркістанда тазалық шарасы ұйымдастырылды

Киелі шаһардағы тазалық шарасын өткізуге Тараз, Шойынбет би, Қорқыт ата, Баба түкті Шашты Әзіз көшелері мен Бекзат, Бірлік секторларындағы және 9-көше төңірегіндегі аймақтар белгіленді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 мекеме қызметкерлері, қоғамдық негізде жұмылдырылған жұмысшылар, жалпы 800-ге жуық азамат “Таза Қазақстан — Таза қуат” сенбілігіне қатысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты.

Жиналған қоқыс пен шабылған шөптерді тасымалдауға 10 техника тартылды. “Таза Қазақстан” эко-шарасы аясында облыс орталығында аптасына 2 рет тұрақты түрде сенбілік ұйымдастырылып келеді.

x

Check Also

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласында “Бірлік” мөлтек ауданының арыз-шағымдары тыңдалды!

Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті. Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар ...