Түркістанда «Талақ» фильмінің премьерасы өтті

Бүгін Қазақстанға белгілі кинорежиссер Данияр Саламаттың жаңа туындысы көрерменге жол тартты. «Талақ» фильмі жақында өткен халықаралық «Шанхай» кинофестивалінің бас жүлдесі «Алтын кубокты» және «Ең үздік әйел рөлі» номинациясын жеңіп алған.

Фильмнің Түркістан қаласындағы алғашқы көрсетілімін облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Нұрдәулет Медеуов және зиялы қауым өкілдері киносүйер қауыммен бірге тамашалады. Шығармашылық ұжымға алғысын білдіріп, құрмет көрсетті. Қазақ киносы күніне орай «Оңтүстікфильм» мекемесі ұйымдастырған іс-шараға фильмнің режиссерімен қатар негізгі рөлдерді сомдаған актерлар Бейнұр Баймұхамедов, Алмат Есім те қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.

Айта кетейік, «Талақ» фильмі 12 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіледі. Белгілі режиссер, драматург Данияр Саламат бұған дейін Еуразия кинофестивалінің лауреаты, Германияның Котбус қаласында өткен Шығыс Еуропа фильмдері кинофестивалінің арнайы жүлдесінің иегері атанған.

x

Check Also

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласында “Бірлік” мөлтек ауданының арыз-шағымдары тыңдалды!

Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті. Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар ...