Түркістанда салынып жатқан «Жайлы мектептердің» құрылыс барысы тексерілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда салынып жатқан «Жайлы мектептердің» құрылыс барысы тексерілді

Түркістан облысында білім беру мекемелерінің ғимараттарын салу жұмысы өте қарқынды жүріп жатыр. Өңірде 21 білім нысанының құрылысы қолға алынып, оның 4-еуі тапсырылған. Жыл соңына дейін 10 білім нысаны тапсырылады, 7-еуі келесі жылға өтпелі. Сонымен бірге «Жайлы мектеп» жобасы да сәтті жүзеге асырылуда. Осы жоба арқылы 63 мектеп салу көзделген. Оның 29-ының құрылысы аяқталуға жақын,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласында салынып жатқан «Жайлы мектептердің» құрылыс барысын қадағалап, мердігер мен жауапты басшыларға жұмысты ширатуды тапсырды.

Жаңа қала аумағында 2 мектеп бой көтеруде. Сонымен бірге «Яссы» шағынауданында 1200 орындық білім ошағы салынып жатыр. Мердігері –«YDA INSAAT SANAYI VE TICARET ANONIM SIRKETI» АҚ. Құрылысы 2023 жылдың желтоқсан айында басталған нысанды биыл жыл соңына дейін тапсыру жоспарланған.

Облыс әкімі жұмысты жеделдету, құрылысшылар санын көбейту, білім ұясын талапқа сай салу жөнінде тапсырма берді. Сонымен бірге бұл білім ұяларын білікті ұстаздармен қамту мәселесі де назарда тұруы керектігін жеткізді.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...