Түркістанда референдумға дайындық пысықталды (видео)

Елімізде 12 млн-нан астам дауыс беру құқығына ие сайлаушы бар. Олар 6 қазан күні жалпы халықтық референдумға қатысып, өз таңдауын жасайды.

Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының хатшысы мәлімдеді. Оңтүстікке сапары кезінде Мұқтар Ерман Түркістан облысының референдумға дайындығын пысықтап, жергілікті комиссия мүшелерімен кездесті. Саяси науқан кезінде өңірде 1 облыстық, 17 аумақтық және 945 учаскелік референдум комиссиясы жұмыс істейді. Жауаптылардың айтуынша, Түркістан облысында 1 млн 180 мыңнан астам сайлаушы бар. Бүгінде олардың тізімі алынып нақтыланған. Дауыс беру күні өңірдегі 427 учаскеде онлайн сервисті іске қосу жоспарланып отыр.

Мұқтар Ерман, ҚР Орталық референдум комиссиясының хатшысы:
— Ең басты біздің мақсатымыз – әр өңірдің тұрғындарына толық жағдай жасау. Тізімге кіргізу, ақпарат беру, сайлауға шақыру, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайын жасау. Инватаксиі бар, сурдо аударма бар, тіисті жабдықтармен толық қамтамасыз ету. Жалпы учаскелердің дайындықтары жаман емес, тиісті материалдық жабдықтармен толығымен қамтылған.

© «24kz» телеарнасы

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...