Түркістан: Шетелдік компания электр қуатымен қамту бойынша өз мүмкіндіктерін таныстырды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Шетелдік компания электр қуатымен қамту бойынша өз мүмкіндіктерін таныстырды

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Қытай Халық Республикасының инвесторларымен кездесті. Кездесуде тараптар облыс аумағын сапалы электр қуатымен қамту жайын талқылады.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары өңірдің инвестицилық мүмкіндіктері туралы айтып, электр энергиясының қажеттілігіне тоқталды.

– Түркі әлемінің астанасы – Түркістан қаласына қош келдіңіздер! Әр инвестордың жобасын жіті қарап, тиімді ұсыныстар бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. Түркістан облысының электр энергиясын тұтыну көлемі 330 МВтты құрайды. Облысқа қажетті электр энергиясының 80%-дан астамы солтүстік көздерден «KEGOС» АҚ-ның 220 кВ желісі арқылы жеткізіледі. Алайда қыс мезгілінде тұтыну көлемінің артуына байланысты электр энергиясына деген дефицит байқалады. Мәселені шешу бойынша жобалар қолға алынған. Сіздер ұсынып отырған жобаны да қарап шығуға, екіжақты тиімді келісімге келуге жұмыс атқарамыз, – деді Зұлпыхар Жолдасов.

Қытайлық инвесторлар компания мүмкіндігі туралы ақпарат беріп, өңірді сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша ниеттерін білдірді.

– Біз Қазақстанға іссапарымызды Түркістан облысынан бастауды жөн көрдік. Күн және жел энергиясын пайдаланып, электр қуатын өндіруді көздеп отырмыз. Электр қуатын сақтайтын ең үздік технология Қытай елінде екені баршаға аян. Қажетті қуат көзін есептеп, облысқа қаржы құюға дайынбыз. Бізге сіздерден қолдау қажет, – деді қытайлық өкіл.

Айта кетейік, облыста 2 энергия өндіруші станциясы жұмыс істеуде. Оның бірі – қуаты 126 МВт болатын Шардара қаласына жақын жердегі Сырдария өзенінің бойында орналасқан су электр станциясы. Екіншісі – 5,5 МВт қуаты бар «Кентау-сервис» МКК. Сондай-ақ жалпы қуаты 278,6 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 24 нысаны бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен электр тапшылығын шешу бағытында Түркістан облысында «Жалпы қуаты 1000 МВтқа дейін генерациялаудың маневрлік режимі бар бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында электр станциясын салу» жобасы іске асырылуда. 2025 жылдың қыркүйегінде қуаты 185 МВт болатын алғашқы қуат беріліп, 2026 жылдың соңына қарай БГҚ толық қуатына шығады деп күтіліп отыр.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...