Түркістан: Сарыағашта «Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр

Сарыағаш қаласындағы Оспанов көшесі мен «Телемұнара» шағынауданында «Жайлы мектептердің» құрылысы жүргізілуде. Аудан басшысы Арман Абдуллаев құрылыс жұмыстарымен танысты.

Алдымен аудан басшысы Оспанов көшесінің бойындағы білім беру ордасының құрылыс жұмыстарын бақылады.

Бүгінде мектеп ғимаратының ішкі сылақ жұмыстары мен ішкі электр жүйесі жүргізіліп, спорт залына ферна орнатылуда. Жалпы құрылыс жұмыстарына 35 адам жұмылдырылған.

Одан соң Телемұнара шағын ауданында салынып жатқан «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстарының барасы саралады.

Мектеп ғимаратының ішін сылау, ішкі электр жүйелерін және ішкі желдету жүйесінің қораптары орналастырылу жұмыстары жүргізілуде. Парепеттің темір орамалары қойылып, жылу жүйесінің ғимаратқа кіргізу жолы қазылып құбырлар орнатылуда. Сондай-ақ білім беру ордасының кәріз жүйесінің жүргізу толық аяқталып, ауыз су жүйесінің полиетилен құбырлары орнатылып, қысыммен тексеру жұмыстары атқарылуда. Жалпы құрылыс алаңында 130 адам құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Одан бөлек Жаскешу елді мекенінде орналасқан «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстарын аралап көрген аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне бірқатар кемшіліктерді атап өтіп, құрылысты уақытында аяқтауды тапсырды.

Қазіргі таңда, 900 орындық «Жайлы мектептің» мектеп ғимаратының Г2 блогында кірпіш қалау ,ішкі электр жүйесін және су жүйесін орнату сонымен қатар, сантехника жұмыстары, нысанның резервуар құю жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құрылыс алаңында 116 адам құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, Дербісек елді мекеніндегі 900 орындық мектеп ғимаратының құрылыс алаңында болып, мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарын сапалы және мерзімінде аяқтауды, сондай-ақ құрылыс жұмыстарына сапалы материалдарды қолдану керек екендігін ескертті.

Бүгінгі күнде Дербісектегі «Жайлы мектептің» ғимаратына ішкі әрлеу жұмыстары басталған. Ғимараттың ішкі сантехника жіне электр жүйелерін жүргізу жүмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, мектеп ғимаратына есік және еденге кафель орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құрылыс алаңында 190 құрылысшы жұмылдырылған.

Айта кетсек, Мемлекет басшысының тапсырмасымен үш ауысымды, апатты жағдайдағы ескі мектептер мәселесін шешу бағытында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді. Жоба шеңберінде заманауи мектеп ғимаратының құрылысы жүргізіліп, ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайту көзделген. Жоба аясында Сарыағаш ауданында 10 мектеп салу жоспарланған.

Түркістан облысы әкімінің баспасыз қызметі

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...